|
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2022 жылғы 4 шілдедегі № 133-VII Заңын қараңыз
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 933 Қаулысымен ҚР Заңының жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 5-1-баптың 2-тармағының 15-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «15-1) активтер, оның ішінде құқықтар (талаптар) бойынша берешекті қайта құрылымдауды жүргізуге, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны, комиссияны, айыпақыны (айыппұлдарды, өсімпұлдарды), өзге де берешекті толық немесе ішінара есептен шығаруға және (немесе) олардың күшін жоюға, активтерді басқаруға және өткізуге, көрсетілген әрекеттер нәтижесінде туындайтын ықтимал зиянды мойындауға;»; 2) 8-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: «7-1. Банктік қарыз шарты бойынша қамтамасыз ету болып табылған кепіл мүлкі оны өндіріп алуға өтініш беру нәтижесінде банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен жағдайда, банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым көрсетілген мүліктің банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның меншігіне өткен күнінен бастап үш жыл ішінде сауда-саттық (аукцион) жүргізу арқылы мұндай мүлікті өткізуге міндетті. Осы тармақтың талабы осы баптың 7-тармағында көзделген заңды тұлғалардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктердің меншігіне өткен жағдайларға қолданылмайды.»; 3) 11-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|