Осы редакция 2016 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына 2-қосымша
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқаларын беру (бұдан әрі - куәлік) болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
4. «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшаға сәйкес қызмет алушының электрондық-сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түріндегі сұрату мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны: 1) Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау, басшылыққа үлестіру үшін беру - жиырма минут. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|