Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы (Вена қ., 2017 жылғы 19 қыркүйекте)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 922 Қаулысымен бекітілді 2018 жылғы 2 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі 1993 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, 2006 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемесін назарға ала отырып, Тараптардың ядролық энергетика саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердегі ынтымақтастықты дамытудағы мүдделілігін негізге ала отырып, қазақстандық және ресейлік атом энергетикасы кәсіпорындары мен ұйымдары арасындағы дәстүрлі қалыптасқан өндірістік байланыстар мен кооперацияларды одан әрі нығайту мақсатында, ядролық қару-жарақ технологиялары мен қару-жарақ жасауға жарамды ядролық материалдардың таралу қаупін төмендету қажеттігін атап көрсете отырып, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы таза, қауіпсіз, сенімді және экономикалық қолжетімді технологияларды, жүйелерді және қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған тығыз және ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтудағы өзара мүдделілікке ортақтаса отырып, Тараптардың ядролық және физикалық қауіпсіздік, азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту және ядролық қаруды таратпау режимін сақтау мүдделілігін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және нығайтуға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|