Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016.03.06. № 235 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.20.12. № 446 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.18.07. № 272 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 164 қаулысымен бекітілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 153 Қаулысымен күші жойылды
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.18.07. берілген өзгерістермен)
1.«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін (бұдан әрі - регламент) «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11183 болып тіркелген) бекітілген «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не болмаса Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелденген жауап. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|