Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2024 жылғы 16 қазандағы № 20/182 шешіміне қосымша
Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына және «Жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Ұлытау облысының аумағында жануарларды асырау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидадар меншік нысанына қарамастан, жануарларды асырайтын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 3. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) асыл тұқымды жануар - Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық палатада тіркелген, тұқымның өнімділік бағыты мен деңгейіне сай келетін таза тұқымды жануар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|