Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 19 бұйрығына 2-қосымша
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 21 мамырдағы № 43 бұйрығымен күші жойылды
«Сот сарапшысы біліктілігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Сот сарапшыларын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленген. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» РМҚК-мен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі - 15 (он бес) жұмыс күні. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді. 5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі (бұдан әрі - куәлік) не осы стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Куәлік біліктілік емтиханынан оң нәтижемен өткен жағдайда беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|