2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді кешенді тестілеу кезінде талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, программистері мен апелляциялық комиссия төрағаларының тізімін бекіту туралы
«2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлердің құжаттарын қабылдауды және кешенді тестілеуді өткізуді ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 349 бұйрығын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамы; 2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, программистері мен апелляциялық комиссия төрағаларының тізімі бекітілсін. 2. Жоғары оқу орындарының басшылары талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің, программистері мен апелляциялық комиссия төрағаларының қатысуын қамтамасыз етсін. 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г.І. Көбенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 419 бұйрығымен бекітілген
Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|