«Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫЗ: 1. «Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 1 қаңтардағы № 1 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 қаңтардағы № 9 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14845 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық және спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта: 8-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) ішкі істер органдарына қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде көмек көрсету мүмкіндігі бөлігінде тексеруді ұйымдастырады.»; 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. ІІО қызметкерлері жеке күзет ұйымдарының жұмыскерлерімен, ерікті адамдармен, бақылаушылармен, ұйымдастырушылармен бірлесіп мыналарды қамтамасыз етеді: 1) көрермендердің ұйымдастырылып кіруі; 2) көрермендерді трибуналарда, залда, секторларда орналастыру; 3) билеттері және рұқсат қағаздары жоқ азаматтардың, сондай-ақ масаң күйдегі адамдардың кіруіне тыйым салу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|