ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы
«2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 187 Қаулысын қараңыз
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 және «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 жарлықтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер - 11 721 910 617 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша - 6 261 091 551 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша - 148 669 598 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 4 347 700 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 307 801 768 мың теңге; 2) шығындар - 13 827 744 872 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу - 161 372 249 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер - 271 420 571 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу - 110 048 322 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 171 578 829 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу - 171 578 829 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы - -2 438 785 333 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 проценті; 6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 537 950 709 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 10,8 проценті; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 438 785 333 мың теңге. 2. 2020 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 48 836 475 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 8 817 160 мың теңге сомасында жалдау төлемақыларының түсiмдері көзделсiн. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2020 жылға арналған түсiмдердiң көлемдерi осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 4. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есепке жатқызылатын болып белгiленсiн: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|