Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Мемлекеттік активтерді басқару және бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Министрліктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 118-НҚ бұйрықпен бекітілген
Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын белгілеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) арнайы техника - бұл су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануға және жөндеуге арналған мамандандырылған машиналар мен механизмдер. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|