«Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 15 шілдедегі № 14 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 19 Қаулысы
(2021.07.09. берілген өзгерістермен)
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 20 Қаулысымен күші жойылды
Маңғыстау облысының тұрғындары арасында COVID-19 короновирус инфекциясының (бұдан әрі - COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы 2020 жылғы 07 шілдедегі Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107 баптарына, «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 1 шілдесіндегі № 31, «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулыларына және COVID-19 сырқаттанушылықтың тіркелуінің жалғасуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 15 шілдедегі № 14 қаулысына (бұдан әрі - МО БМСД-ның № 14 қаулысы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) МО БМСД-ның № 14 қаулысының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
1) Ағымдағы жылғы 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:
- демалыс күндері - осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын, «Ashyq» жобасының көшбасшылары әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарына сәйкес барлық объектілерінің жұмысына - сағат 00.00-ге дейін, қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар). «Жасыл мәртебе» болуға қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;
- сенбі күндері - қалаішілік қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат етсін;
2) ағымдағы жылғы 30 тамыздан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын, «Ashyq» жобасының көшбасшылары барлық бизнес объектілері үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 00.00-ге дейін рұқсат етілсін;
3. Маңғыстау облысының қала және аудан Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері:
1) «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының сақталуын бақылауды;
2) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және шектеу және карантиндік шараларды бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды;
4. «Атамекен» ӨКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында бұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
5. «Ashyq» жобасына қатысушылар:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін.
6. Қалалар мен аудандардың әкімдеріне:
1) еске алуды өткізуді қоспағанда, бұқаралық, салтанатты, отбасылық іс-шаралардың барлық түрлерін өткізуге тыйым салуды қамтамасыз ету;
2) мониторингтік топтардың шектеу шараларының сақталуына рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, бұзушылықтар анықталған немесе талаптар орындалмаған кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарында тиісті әкімшілік шараларды қабылдау үшін құжаттарды сапалы рәсімдеу және уақтылы беру қамтамасыз етілсін.
7. Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланған COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, «аймақтан» «аймаққа» ауысу кезіндегі объектілердің жұмыс тәртібі бойынша бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілері арқылы қабылданған шаралар туралы халыққа жаппай ақпараттандыру жүргізілсін.
8. Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшылары қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен осы қаулының орындалуы қамтамасыз етілсін.
9. Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Маңғыстау облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы» 2021 жылғы 15 шілдедегі № 14 қаулысының № 1 қосымшасына («Ashyq» жобасына қатысушы кәсіпкерлік нысандарға қатысты) өзгерістер енгізу туралы» Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 17 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Г. Надуев |
Маңғыстау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.07.09. № 20 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 27 тамыздағы
№ 19 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары
(Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі № 17 қаулысының 6-қосымшасына және
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 26 тамыздағы № 37 қаулысына 4-қосымшасына сәйкес)
№ | Объектілер / салалар | «Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын объектілер үшін | «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін |
1. | Өнеркәсіп | + | |
2. | Құрылыс (тұрмыстық үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | + | |
3. | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | + | |
4. | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және т.б.). | + | |
5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтары сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг көрсетілетін қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, банкілер, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б. | + | |
6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | + | |
7. | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | + | |
8. | Мұражайлар, кітапханалар | + | |
9. | Балалардың түзету кабинеттері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары | ✓ топты 15 адамнан артық толтырмаған кезде, алдын ала жазылу бойынша және сенбі, жексенбі жұмысын тоқтата отырып | |
10. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтері, косметологиялық қызмет көрсететін орындар (жазылу бойынша) | ✓ алдын ала жазылу бойынша | алдын ала жазылу бойынша |
11. | Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер | + | |
12. | Супермаркеттер, гипермаркеттер | + | |
13. | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | + уақыт 17:00-ге дейін шектеумен | ✓ уақыт 22:00-ге дейін |
14. | Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | ✓ уақыт бойынша 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | ✓ уақыт 22:00-ге дейін |
15. | Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері / базалары, туристік базалар және т. б.). | ✓ 80%-дан асырмай толтырғанда | + |
16. | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология | ✓ алдын ала жазылу бойынша | |
17. | Қоғамдық көлік | ✓ уақыт бойынша 06:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | |
18. | ХҚКО, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері | ✓ уақыт бойынша 9.00-ден 18.00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | ✓ ХҚКО Сенбі, жексенбі күні жұмыс жасауға тыйым салуға |
19. | Мектепке дейінгі мекемелер | ✓ кезекші топтар 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтауды сақтаған кезде | |
20. | Ұйымдар, офистер*(ескерту) | ✓ 80% - қашықтықтан, 20% - күндізгі режим | |
21. | Діни объектілер | ✓ Жабық үй жайларда ұжымдық іс-шараларды өткізбей қалыпты режимде. Мешіттер, православие шіркеулері және басқа да діни объектілер аумағында ұжымдық діни іс-шараларды (оның ішінде «жұма намазы», күнделікті православиялық дұғалар және басқаларын) ашық ауада өткізу бетперде режимі мен бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтау, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | |
22. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат |
23. | Жазғы алаңдар | ✓ 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 07.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
24. | Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | ✓ 09:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі * жұмыс жасауға тыйым салу, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат | ✓ 09:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат |
25. | Фуд-корттар | ✓ 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат | ✓ толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 08:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат, тамақты жеткізу жұмысына рұқсат |
26. | Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр / ларек / отыратын орны жоқ дүңгіршек) | + | |
27. | Моншалар | ✓ уақытын сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | + |
28. | Сауналар | ✓ уақытын сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | + |
29. | СПА-орталықтар, бассейндер | ✓ уақытын сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | + |
30. | Қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричкалардың) қозғалысы | ✓ ортақ вагондарсыз | |
31. | Жолаушылар поездарының қозғалысы | ✓ ортақ вагондарсыз | |
32. | Қалааралық,облыс ішіндегі, қалалық тұрақты, тұрақты емес автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | тыйым салынады | + |
33. | Спорт объектілері (спорткешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттықтыру залдары), спорттық-сауықтыру орталықтары, фитнес-орталықтары, фитнес-клубтары, йога-орталықтары | ✓ уақытын сағат 06:00-ден 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған |
34. | СОО, сауда үйлері, сауда желілері | ✓ уақытын сағат 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, * жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | ✓ уақытын сағат 00:00-ге дейін шектеумен |
35. | Мәдениет объектілері (дайындық) | тыйым салынады | ✓ 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
36. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | ✓ уақытын сағат 17:00-ге дейін шектеумен, сенбі, жексенбі жұмыс жасауға тыйым салуға | ✓ 30%-дан асырмай толтыру, уақытын сағат 00:00-ге дейін шектеумен |
37. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | тыйым салынады | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
38. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | тыйым салынады | ✓ 75%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
39. | Бильярдтар | тыйым салынады | ✓ сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
40. | Компьютерлік клубтар | тыйым салынады | ✓ сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі |
41. | Боулинг | ✓ Сенбі, жексенбі қызметін тоқтата отырып, сағат 06:00-ден 18:00-ге дейінгі уақыт бойынша шектеумен | ✓ сағат 12.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
42. | Цирктер | тыйым салынады | ✓ 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
43. | Алаңы 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық үй-жайдағы ойын алаңдары, аттракциондар) ойын-сауық орталықтары | тыйым салынады | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмау |
44. | Алаңы 1000 ш.м-ден жоғары болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | тыйым салынады | ✓ бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмау |
45. | Ашық ауадағы аттракциондар | + | |
46. | Балаларды сауықтыру ұйымдары | ✓ толтырылуы 30%-дан артық емес | |
47. | Көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізу | тыйым салынады | ✓ 20%-дан артық емес толтырылған кезде |
48. | Банкет залдары (ас беруді өткізу үшін) | тыйым салынады | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
49. | Түнгі және ойын клубтары | тыйым салынады | |
50. | Караоке | тыйым салынады | ✓ 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 07:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
51. | Океанариум | тыйым салынады | ✓ топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес) |
52. | Жабық жағажайлар, аквапарктер және аттракциондар | тыйым салынады | |
53. | Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар | тыйым салынады | |
54. | Көрмелер | тыйым салынады | ✓ бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде |
55. | Марафондар (ашық ауада) | тыйым салынады | 30 адамнан артық емес |
56. | Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, офистер және басқалар) | тыйым салынады | Жеңілдіксіз. |
57. | Лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындары | тыйым салынады | ✓ бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
58. | Букмекерлік конторалар | | бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
59. | Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін) | | + |
* - Ұйымдар, офистер қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қызметін қашықтықтан және күндізгі жұмыс форматында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық арақатынасы жөніндегі талаптарды ескермей жүзеге асырады. Бұл ретте COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
«+» - қызметке рұқсат етілген;
«✓» - қызметке ішінара (шектеулермен) рұқсат етілген;