|
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін. 2. «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №182 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23102 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық ғылым және білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 30 мамырдағы № 184 бұйрығымен бекітілген
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|