«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы туралы ережесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығы (бұдан әрі - Кинологиялық орталық) маман-кинологтарды даярлау, мемлекеттік кірістер органдары, Қазақстан Республикасының арнайы және құқық қорғау органдары үшін асыл тұкымды және түрлі тұқымдағы қызметтік иттерді өсіру және бағып жетілдіру, арнайы жаттықтыру жөніндегі арнайы білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі функцияларды орындауға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі - Комитет) мамандандырылған кеден мекемесі болып табылады.»; 14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) контрабандаға және есірткі мен психотроптық құралдардың, олардың аналогтарының, жарылғыш заттардың, прекурсорлардың, қару-жарақтың, валютаны, жойылып кету қаупі бар жабайы флора мен фаунаның объектілерін заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды және құқық бұзушылықтарды және өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ашуға аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына, мамандандырылған және құқық қорғау органдарына көмек көрсету;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|