Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормаларын бекіту туралы (2025.02.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 22) тармақшасы негізінде БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жиһазбен және казармалық мүкәммалмен жабдықтау нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2019 жылғы «___»______________
ҚР Қорғаныс министрінің 2024.26.03. № 194 бұйрығымен (2024 ж. 14 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қорғаныс министрінің 2025.12.05. № 545 бұйрығымен (2025 ж. 2 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді және 2025 ж. 19 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) (бұр.ред.қара) нормалары өзгертілді Қазақстан Республикасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|