«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 14 қыркүйектегі № 305 бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 192 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 7-тармағына және 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11745 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Республикалық бюджеттен жәрдемақы тағайындау тәртібі»; 5-тармақтың үшінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын-үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы.»; 6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «6. Заңның 4-бабының 1-1), 7), 8), 8-1) тармақшаларында көрсетілген жәрдемақыны тағайындау үшін мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер сұратылады.»; 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|