Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды және мамандандырылған емдік өнімдерді қосымша беру туралы
Осы редакция 2017 жылғы 1 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттар және мамандандырылған емдік өнімдер қосымша берілсін. 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін. 3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 18-8 «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін және жеңілдікті шарттармен дәрілік заттарды қосымша беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3582 тіркелген және 2014 жылғы 17 шілдедегі «Орал өнірі» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|