«Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы (2023.05.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16299 болып тіркелген) сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін. 2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 9/103 «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылдың 7 сәуірінде № 3321 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 17 «Жаңаөзен» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын. 3. «Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ермұханов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|