«Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 шілдедегі № 510 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 249 (28727) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын берудің жалпы мерзімі - өтінім берілген сәттен бастап алпыс төрт жұмыс күні.»; 9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «9. Өтiнiмдi алғашқы рет беру алдындағы кезең өтініш берушінің уәкілетті органға пайдаланушының сертификатын алу ниеті туралы алдын ала жүгінуін көздейді, онда оған ұшулардың рұқсат етілген түріне, өтінімді қарастырған кезде қолданылатын рәсімдерге және өтініш беруші ұсынатын мәліметтерге қатысты толыққанды ақпарат беріледі. Өз кезегінде, өтiнiш беруші алдын ала бағалау үшін пайдалануға жоспарланатын әуе кемелерінің түріне, оның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қаржы-экономикалық жағдайына және ұсынылатын тасымалдауларға сәйкес келетін маршруттардың құрылымына, тасымалдаулардың жоспарланатын рентабельдiгiне, бiлiктi персоналдың бар болуына, қажеттiлiктерге немесе сұранысқа ие және қоғам мүдделеріне жауап беретін қызмет көрсетудің деңгейіне қатысты ақпаратты ұсынады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|