«Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 405 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 4 қарашадағы № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19559 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесін және оларды жарақтандыру мерзімдерін бекіту туралы»; кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнайды және газ конденсатын есепке алу құралдарымен жарақтандырылуға жататын өндірістік объектілердің тізбесі мен оларды жарақтандыру мерзімдерінде: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газды) есепке алу аспаптарымен жарақтандыруға жататын өндірістік объектілердің тізбесі және оларды жарақтандыру мерзімдері»; 1-тарауда: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «1-тарау. Шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды өндіру, сондай-ақ шикі мұнайды, газ конденсатын, шикі газды және оны қайта өңдеу өнімдерін (тауарлық газ) дайындау»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|