Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 18 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесіне қызметке конкурстан тыс қабылдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 24 шілдедегі № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8585 болып тіркелген). 2. «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінде лауазымдарға орналастыру үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 мамырдағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9561 болып тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|