«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы жөніндегі өңірлік жұмыс тобы жөніндегі ережені бекіту туралы
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 29 қыркүйектегі № 522 бұйрығын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы жөніндегі өңірлік жұмыс тобы жөніндегі ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Е.Е. Ерсаинов): 1) өңірлік жұмыс тобының жұмыстарын іске асыруды; 2) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына жеткізуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 194 бұйрығына қосымша
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы
1. Осы Өңірлік жұмыс тобының ережесі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-әдістемелік жағдайлар жасау жөніндегі өңірлік жұмыс тобының қызметін регламенттейді. 2. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы жөніндегі өңірлік жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық және нормативтік-құқықтық құжаттарын басшылыққа алады: «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|