Орталық депозитарий есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 65-2) тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес орталық депозитарий есептілігінің тізбесі; 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен есепті тоқсан ішінде жасалған, сондай-ақ есепті күні қолданыстағы мәмілелер туралы есептің нысаны және орталық депозитариймен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар тізілімі; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес экономика секторлары мен шағын секторлары бойынша орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде мемлекеттік емес бағалы қағаздармен жүргізілген операциялар туралы есептің нысаны; 4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес акцияларды ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны; 5) осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес қаржы құралдарын ұстаушылар тізілімі туралы есептің нысаны; 6) осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес Орталық депозитарийдің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта: 1) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың онынан кешіктірмейтін мерзімде; 2) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген есептілікті есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде; 3) ай сайын – осы қаулының 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген есептілік есепті айдан кейінгі айдың жиырмасынан кешіктірмейтін мерзімде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|