Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы (2020.08.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 11 наурыздағы № 56 бұйрығымен күші жойылды
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) жауапты құрылымдық бөлімшелері тиісті ақпараттарды ашық деректердің интернет-порталында орналастыра отырып, ашық деректер тізбесінде көзделген іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14763 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Агенттіктің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты одан әрі орындау үшін Агенттіктің жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын онымен таныстыруды; 3) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|