|
|
|
2021-2022 жылғы эпидмаусымда тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының халқы арасында тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (бұдан әрі - ЖРВИ) таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері: 1) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау кампаниясын өткізуге медициналық ұйымдардың дайындығын және халықтың талап етілетін деңгейін; 2) әлеуметтік қашықтықты, егілетін адамдардың ағынын сақтауды, маскалар пайдалануды, егу пункттерінде антисептиктердің болуын және коронавирустық инфекцияның профилактикасының өзге де шараларын; 3) ірі жұмыс берушілермен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен кәсіпорын жұмыскерлерін тұмауға қарсы вакцинациялаумен қамту бойынша белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін. 2. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің (бұдан әрі - аумақтық департаменттер) басшылары: 1) COVID-19 пандемиясы кезеңінде профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритміне сәйкес эпидемияға қарсы іс-шараларды қамтамасыз ете отырып, ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін 6-7 жастағы балаларға туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізуді аяқтауды; 2) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау кампаниясын жүргізуге медициналық ұйымдардың дайындығын, оның ішінде: - тиісті шараларды қабылдай отырып, вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған салқындату жабдығының жеткіліктілігіне бағалау жүргізуді; - тұмауға қарсы вакцинациялауға жататын адамдардың тізімін дайындауды; - егу кабинеттерін, егу бригадаларын тұмауға қарсы вакцинациялауға және иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелген жағдайларда шұғыл көмек көрсетуге дайындауды; - вакцинаторларды профилактикалық егулер жүргізу мәселелері бойынша және анафилактикалық реакциялар мен басқа да ИКҚК кезінде көмек көрсетуге оқытуды; 3) медициналық ұйымдардың қызметкерлерімен және білім беру ұйымдарының персоналымен тұмау мен ЖРВИ клиникасы, сараланған диагностикасы, оны емдеу және профилактикасы мәселелері бойынша семинарлар мен нұсқамалар өткізуді; 4) халық арасында тұмау мен ЖРВИ-дың профилактикасы және оған қарсы күрес шаралары туралы санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді; 5) «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығына сәйкес жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етсін. 3. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 1) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына сәйкес аумақтық бөлімшелерге ақпарат ұсына отырып, адамдарға тұмауға қарсы вакцинация жүргізуді; 2) қарқынды терапия көрсету үшін қажетті жағдайлар (әлеуметтік қашықтықты, егілетін адамдардың ағынын сақтау, маскалар пайдалану, антисептиктердің болуы) жасауды, төсек қоры көлемін, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдардың (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, ыстықты түсіретін құралдар, иммундық түрлендіруші құралдар, витаминдер мен минералдар), жабдықтар мен құралдар, дезинфекциялық препараттар мен жеке қорғаныш құралдар резервін көздей отырып, эпидемиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға медициналық ұйымдардың дайындығын; 3) аумақта және ғимаратта тиісті көрсеткіштермен кіре берісте «сүзгілер» ұйымдастыруды және жабдықтауды; 4) келушілердің емханада болу уақытын шектеуді, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлуді; 5) мобильді топтардың үйге шақыруларға қызмет көрсетуі үшін жағдай жасауды (қосымша автокөлік, жанар-жағармай материалы, тіркеу орнының ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, жеті күнтізбелік күнге еңбекке жарамсыздық парағын беру); 6) ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде медициналық ұйым жұмысының ұзақтығын Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұзартуды; 7) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде + 18°С, перзентхана блогының үй-жайларында кемінде + 22°С температуралық режимді қамтамасыз етуді; 8) палаталарды, кабинеттерді терезе ойықтары арқылы күніне кемінде үш рет желдетуді; 9) аумақтық бөлімшелерге ЖРВИ-мен, тұмаумен және олардың асқынуларымен (пневмониямен) сырқаттанушылықтың жай-күйі, сондай-ақ олардан болатын өлім-жітім туралы ақпаратты күн сайын ұсынуды; 10) ЖРВИ, тұмау белгілері және олардың асқынулары (пневмония) бар жүкті әйелдерге және 1 жасқа дейінгі балаларға күнделікті патронажды, уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ете отырып, олардың үйге шақыруларына бірінші кезекте қызмет көрсетуді; 11) ауруханаішілік тұмаумен сырқаттанушылық жағдайларын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыруды, тұмаудың себептерін тергеп-тексеруді және тұмаудың өршуін шоғырландыру бойынша шаралар қабылдауды; 12) ЖРВИ және тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпаратты (стендтер, брошюралар, парақшалар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы бойынша бейнематериалдар көрсету) пациенттер болатын жерлерде орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары: 1) болмау себебін анықтай отырып, балалардың, жасөспірімдер мен қызметкерлердің келуіне күн сайын мониторинг жүргізуді және медициналық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелерге ауру жағдайлары туралы хабарлауды; 2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық ауру белгілері бар оқушылар мен қызметкерлерді сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысым алдында таңертеңгі сүзгіні ұйымдастыруды және өткізуді; 3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, интернаттық ұйымдарда, пансионаттарда, баспаналарда ғимаратқа кіре берісте байланыссыз термометрия жүргізе отырып, әр ауысымның сабағы басталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге күнделікті сүзгіні ұйымдастыруды, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеуді, аяқ киімнің табанын өңдеуді, аяқ киім ауыстыруды, үзіліс кезінде оқушылардың маска киюін; ЖРВИ мен тұмауға күмәнді балаларды уақтылы анықтау үшін әр қабатта немесе сыныпта санитариялық бекеттер жұмысын ұйымдастыруды; 4) таңертеңгілік сүзгіде анықталған ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) уақтылы сабақтан (жұмыстан) шеттетуді ұйымдастыруды, медициналық пунктке немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін үйге жіберуді; 5) тиісті күтімді қамтамасыз ете отырып, ата-аналары келгенге дейін бір күн ішінде ауырған балаларды изоляторға ауыстыруды ұйымдастыруды; 6) медициналық пункт пен изоляторларды қажетті медициналық жабдықпен және дәрі-дәрмектермен (термометрлер, қалақшалар, маскалар, тұмауға қарсы препараттар) жарақтандыруды; 7) әр қабатта, әр сыныптың жанында (аудиторияда, кабинетте), санитариялық тораптарда оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлерді және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтарды орнатуды; 8) оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабынның, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдардың болуын, қол жуу қағидалары бар плакаттардың болуын; 9) қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажеттілігі туралы апта сайын нұсқама жүргізуді; 10) мектеп оқушыларымен жеке гигиена қағидаларын сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы мәселелері бойынша тақырыптық диктанттарды; 11) ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде көпшілік және ойын-сауық іс-шараларын өткізуге тыйым салуды қамтамасыз етсін: - бір сыныпта (топта) балалар арасында сынып (топ) санының 20%-на дейін ЖРВИ-дың топтық аурулары анықталған жағдайда сыныпта (топта) оқу процесін уақытша тоқтата тұру, байланыста болған адамдарға күнтізбелік жеті күн мерзімге медициналық бақылау белгілеу, жалпы білім беретін ұйымдарда кабинетте оқыту жүйесін болдырмау, ЖРВИ-мен ауыратын соңғы науқас анықталғаннан кейін инкубациялық кезең ішінде топқа (сыныпқа) жаңа балалар қабылдауға тыйым салу ұсынылады; - тәрбиелеу және білім беру ұйымдары санының 30%-ы және одан да көп жалпы санында ЖРВИ-мен ауыратын науқастар эпидемиялық процеске тартылған жағдайда ЖРВИ-мен ауыратын соңғы науқас анықталғаннан кейін инкубациялық кезең ішінде тәрбиелеу және білім беру объектілерінде оқу процесін уақытша тоқтата тұру ұсынылады. 5. Аумақтық департаменттер басшылары: 1) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмония) жағдайларын, сондай-ақ тұмау мен ЖРВИ-ге биоматериалды зертханалық зерделей отырып, олармен байланысты өлім-жітім жағдайларын есепке алуды; 2) 15 қыркүйектен бастап жас, тәуекел тобының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундаудың күнделікті мониторингін; 3) 1 қазаннан бастап аумақтар, жас және тәуекел топтары бойынша ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың және олардың асқынуларының (пневмония), сондай-ақ олардан болатын өлім-жітімнің, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар арасындағы, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасындағы ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың күнделікті мониторингін жүргізуді; 4) алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылықтың апта сайынғы бақылау деңгейлері артқан немесе ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық көрсеткіштері 1,5 және одан да көп есе өскен кезде аумақтарда шектеу іс-шараларын енгізуді; 5) жергілікті атқарушы органдарды ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиялық жағдай және олардың асқынулары (пневмония) және олардан болатын өлім-жітім, өңірдегі вирустың айналымдағы типтерінің белсенділігі және тұмау мен ЖРВИ-дың профилактикасы және оған қарсы күрестің қажетті шаралары туралы хабардар етуді; 6) ірі жұмыс берушілермен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен кәсіпорын жұмыскерлерін тұмауға қарсы вакцинациялаумен қамту бойынша белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етсін. 6. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізу үшін зертханалық шығыс материалдарының, тест-жүйелердің, диагностикумдардың азаймайтын қорын; 2) тұмау және басқа да ЖРВИ-дың эпидемиялық маусымы кезеңінде үздіксіз жұмыс істеу үшін ҰСО филиалдарының вирусологиялық зертханаларын кадрлармен; 3) тұмау вирусының антигендік қасиеттерін молекулалық-генетикалық зерделеу жүргізуді; 4) зерттеуді 2019 жылғы 15 мамырдағы №4-Бмсдқ БМСДҚ-ға сәйкес жүргізуді қамтамасыз етсін. 7. «ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап апта сайын жас, тәуекел топтарының санаттары бойынша халықты тұмауға қарсы иммундау туралы ақпарат ұсынуды; 2) ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап апта сайын, ал 1 қазаннан бастап күн сайын ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық жағдайы және олардың асқынулары (пневмония), сондай-ақ олардан болатын өлім-жітім туралы ақпарат ұсынуды; 3) зерттеуді 2019 жылғы 15 мамырдағы № 4-Бмсд БМСДҚ-ға сәйкес жүргізуді; 4) сапаны сырттай бағалау жүргізуді (кәсіптік тестілеу); 5) аумақтық департаменттердің және «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалы зертханаларының мамандарына халықаралық ұсынымдарға (ДДҰ, CDC) сәйкес тұмау және ЖРВИ бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетуді; 6) тұмау вирусының антигендік қасиеттерін зерделеу бойынша молекулалық-генетикалық және вирусологиялық зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етсін. 8. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны тұмау, пневмония және ЖРВИ диагноздары бойынша (J10, 11, 12.0, 12.2, 00-06, 20.4, 20.5, 20.6, 20.9 АХЖ-10 кодтары бойынша) ауырған, қайтыс болған адамдардың саны туралы мәліметтерді күн сайын ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Согласовано 03.09.2021 16:08 Кожапова Роза Абзаловна 03.09.2021 16:08 Естекова Гульмира Абдигалиевна 03.09.2021 16:10 Мукажанова Сандугаш Ермековна 03.09.2021 16:11 Ахметова Зауре Далеловна 03.09.2021 16:15 Есмагамбетова Айжан Серикбаевна 03.09.2021 16:19 Азимбаева Нуршай Юсунтаевна Подписано 03.09.2021 16:22 Киясов Ерлан Ансаганович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |