ҚР Ішкі істер министрінің 2024.22.11. № 924 бұйрығымен 54-1-қосымшамен толықтырылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына 54-1-қосымша
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жыл 1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Академия) ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2. Академияның түрі: республикалық мемлекеттік мекеме. 3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31 қазандағы № 908 қаулысымен құрылған. 4. Академия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады. 5. Республикалық мемелекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. 6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Академияны жалпы басқаруды, сондай-ақ Академияның мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. 7. Академияның құрылымы мен штат кестесін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (бұдан әрі - Министр) бекітеді. 8. Академияның толық және қысқартылған атауы: толық: мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение «Академия управления Министерства внутренних дел Республики Казахстан»; ағылшын тілінде - Republican state institution «Academy of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after Makan Yesbulatov»; қысқартылған атауы: мемлекеттік тілде - «Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы» РММ; орыс тілінде - «Алматинская академия МВД РК имени Макана Есбулатова»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|