Осы редакция 2016 жылғы 18 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 348 бұйрығына 8-қосымша
«Әкімшінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Әкімшінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 284 бұйрығымен бекітілген «Әкімшінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11273 тіркелген) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) әкімшісінің қызметін жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаға тіркелгені туралы растауды беру; 2) тіркеу туралы өтініште көрсетілген деректерге өзгертулер енгізу; 3) тіркеуден шығарылғаны туралы растауды беру; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|