«Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 30 қарашадағы № 826 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарында жүзу қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары»; 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «1-тарау. Жалпы ережелер»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ішкі су жолдарымен жүзу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасына сәйкес әзірленді, ішкі су жолдары бойынша жүзу тәртібін айқындайды.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2-тарау. Кемелердің қозғалысы және маневр жасау тәртібі»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Кемелер навигациялық жабдықтаудың латералды жүйесіндегі су жолдарымен жүзген кезде навигациялық жағдайдың белгілері бойынша бағдарлай отырып, кеме жүрісі шегінде қозғалады. Навигациялық жағдай су көлігіндегі уәкілетті бақылау органының аумақтық бөлімшесі бекітетін, кемелер немесе құрамдар габариттері мен су жолының белгіленген арақатынасын сақтай отырып, кеме жүргізуші кеменің немесе құрамның белгіден белгіге қозғалысын қамтамасыз ете алатындай етіп жасалады. Белгіленген кеме жүрісінен тыс, сондай-ақ кеме жүрісі жабдықталмаған су жолдарында (олар кеме қатынасы үшін жарамды болған жағдайда) жол жұмыстарын атқаратын немесе бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың кемелері жүзе алады.»; 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|