|
|
|
Осы редакция 2017 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген
Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз
1. Осы Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Білім туралы» Заң) сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін реттейді. 2. Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің) қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (бұдан әрі - білім беру ұйымы) - жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орын беріп, олардың тәрбиеленуіне, білім алуына қолайлы жағдай жасалатын білім беру жүйесінің ұйымдары болып табылады. 3. Білім беру ұйымдары мемлекеттік, жеке меншік болуы мүмкін. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алатын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар толық мемлекеттің қамқорлығында ұсталады. 4. Білім беру ұйымы заңды тұлға болып табылады, оның оқшауланған мүлкі, өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкте шоты болады. Білім беру ұйымы тәрбие бағдарламасын тәрбиеленушілердің психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың денсаулығын сақтау, құқықтары мен мүдделерін қорғау талаптарына сәйкес дербес әзірлейді. 5. Білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, осы Қағидаларға және білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады. 6. Білім беру ұйымдары нақты міндеттер мен балаларды ұстау, оқыту және тәрбиелеу, қызмет режимі ерекшеліктеріне қойылатын талаптарға қарай: 1) мектепке дейінгі жастағы балалар үшін; 2) мектеп жасындағы балалар үшін; 3) ерте, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін; 4) білім беру ұйымдарын бітірушілер үшін құрылады. 7. Білім беру ұйымдарында әр жастағы және бірыңғай жастағы балалардан тәрбиелеу топтары құрыла алады. 8. Білім беру ұйымында медициналық қызмет көрсетуді ұйымның әкімшілігімен және денсаулық сақтау жүйесінің аумақтық ұйымдарымен бірлесе отырып, балалардың денсаулығын қорғауды, олардың психикалық-дене жағдайын нығайтуды, профилактикалық іс-шаралар жүргізуді, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін штаттық медициналық персонал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. 9. Білім беру ұйымдарының қызметін бақылау «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жетім балалар мен ата-анасының (заңды өкілдерінің)
10. Білім беру ұйымына бүкіл күнтізбелік жыл бойында туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі (жасөспірімдер үйлеріне - 23 жасқа дейінгі балалар үйлері, балалар ауылдарының және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың бітірушілері): 1) жетім балалар; 2) ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектелуі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. 11. Медициналық көрсеткіштер бойынша немесе басқа бір себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиіс болатын жағдайларды қоспағанда, бір отбасының мүшелері немесе туыстық қатынастағы балалар бір білім беру ұйымына жіберіледі. 12. Білім беру ұйымына жіберілетін әр балаға қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар мынадай құжаттар ұсынады: 1) білім беру ұйымына жіберу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімі; 2) туу туралы куәлік (жеке куәлік); 3) денсаулық жағдайы мен екпелері туралы медициналық құжаттар; 4) білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін); 5) баланың өмір сүру жағдайын тексеру актісі; 6) ата-анасы туралы мәліметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері, соттың шешімі (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектелуі) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды іздестіру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқтығын растайтын басқа да құжаттар); 7) аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің, қарындастарының және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жері туралы анықтама; 8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктердің тізімдемесі, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер; 9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекітіп беру туралы құжаттар; 10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (оларды балаға ата-анасының бірі немесе оны алмастыратын адам алатын кезде). 13. Мектебі бар білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесі жалпы білім беретін ұйымдардың (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беру ұйымындағы тәрбие жұмыстары тәрбиеленушілердің қызығушылығын, бейімділігі мен психикалық-дене ерекшеліктерін ескере отырып, балалар мен ересектердің ынтымақтастығы қағидаттарында жүргізіледі. Жергілікті атқарушы органдар мектебі жоқ білім беру ұйымының мектеп жасындағы тәрбиеленушілерінің тиісті елді мекеннің жалпы білім беретін мектепте оқуын қамтамасыз етеді. 14. Білім беру ұйымында тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары мораль және адамгершілік сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ ынталары мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған әртүрлі клубтар, секциялар, үйірмелер, студиялар құрылуы мүмкін. Білім беру ұйымы тәрбиеленушілердің қызығушылығын ескере отырып, олардың жалпы білім беретін мектептегі, оқушылар сарайлары мен үйлеріндегі, жас техниктер мен жас натуралистер станцияларындағы, спорт және музыка мектептеріндегі, сондай-ақ басқа да мектептен тыс ұйымдардағы үйірмелер мен секцияларға баруын қамтамасыз етеді. 15. Білім беру ұйымында мектепке дейінгі бөлімдер (топтар) мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың туыстық қатынастарын сақтау мақсатында құрылады. 16. Мектепке дейінгі бөлімдер (топтар) өз қызметінде Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгі қағидаларын және осы Қағидаларды басшылыққа алады. 17. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және олардың күн тәртібі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес жүзеге асырылады. 18. Білім беру ұйымында болу кезінде әр тәрбиеленушіге: 1) өмірі мен денсаулығының сақталуына; 2) қадір-қасиетінің қорғалуына; 3) дене, моральдық немесе психикалық зорлықтың барлық нысандарынан қорғалуына; 4) шығармашылық қабілеттері мен қызығушылықтарының дамуына; 5) дамудағы кемшіліктерді түзеуде білікті көмек алуына; 6) бейімділігіне, қабілеттеріне, тілегіне және денсаулық жағдайына сәйкес қосымша білім беру, сауықтыру қызметтерін алуына кепілдік беріледі. 19. Бір білім беру ұйымынан екіншісіне ауысқанда немесе бітірген кезде тәрбиеленушіге: 1) туу туралы куәлік (жеке куәлік); 2) білім беру ұйымында болғаны туралы анықтама; 3) денсаулық жағдайы мен екпелері туралы анықтама; 4) білімі туралы құжат; 5) ата-аналары немесе туыстары туралы мәліметтер қамтылған құжат; 6) егер жеке ісінде осындай болса, мүлікке, ақшалай қаражатқа, бұрын ол немесе ата-анасы тұрған тұрғын үй алаңына оның құқығын растайтын құжаттар, дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндіруге арналған орындау парағы және басқа да құжаттар беріледі. 20. Білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін бітірту ұйымның педагогикалық кеңесінің шешімімен, ондай болмаған кезде - ұйым әкімшілігінің шешімімен жүргізіледі. 21. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидалар мен ұйым жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. 22. Білім беру ұйымын алқалық басқару нысандары «Білім туралы» Заңның 44-бабының 9-тармағына сәйкес педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңес болып табылады. 23. Білім беру ұйымын басқаруды Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес білім беру ұйымының құрылтайшысы тағайындайтын басшы жүзеге асырады. 24. Білім беру ұйымының басшысы: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 2) өзге ұйымдар мен өзара қатынаста білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді; 3) білім беру ұйымының жарғысында көзделген өзге де функцияларды орындайды. Басшының еңбегіне ақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделеді. 25. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен: 1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы; 5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауапты болады. 26. Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бес жылда кемінде бір рет «Білім туралы» Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 27. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог қызметкерлері «Білім туралы» Заңға сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс. 28. Білім беру ұйымының персоналын жинақтау тәртібі «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен және оның жарғысымен регламенттеледі. 29. Білім беру ұйымы жергілікті жағдайларға қарай қосалқы оқу шаруашылығын, оқу-тәжірибе учаскесін, оқу-өндірістік шеберханаларды құра алады. 30. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. 31. Білім беру ұйымы белгіленген нысан бойынша іс қағаздарын жүргізеді және бағыныстылығына қарай білім беру органдарына есеп береді. 32. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |