Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі шаралар туралы
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес еңбек жанжалдарының алдын алу және оған жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың өзара тиімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар (келісім бойынша) жобалары Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның 2014 жылғы 24 ақпандағы отырысының № 2 хаттамасымен мақұлданған әлеуметтік шиеленісушіліктің және еңбек жанжалдарының туындау қатерін айқындау критерийлерін қолдану жөніндегі әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) мен әлеуметтік шиеленісушілікті және еңбек жанжалдарының туындау қатерін айқындау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) негізінде «Еңбек жанжалдарының картасын» (бұдан әрі - Карта) жасай отырып, еңбек жанжалдарының туындау қатеріне ай сайын мониторинг жүргізсін; 2. Аумақтық кәсіподақ бірлестіктері (келісім бойынша) және өңірлік кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 1-күнінен кешіктірмей еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдармен жедел ақпарат алмасуды жүзеге асырсын; 3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары - Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың төрағалары (келісім бойынша) қатер тобындағы кәсіпорын басшыларының есептерін тыңдай отырып, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссиялардың отырыстарында Картаны қарауды қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|