ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ МЕН БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ (Минск, 2023 жыл 16 тамызда)
ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 586 бұйрығымен мақұлданды
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Беларусь Республикасы Әділет министрлігі теңдік, егемендікті құрметтеу қағидаттарын негізге ала отырып, жалпыға бірдей қабылданған нормаларға және халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес, әділет саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және арттыруға ұмтыла отырып, құқықтық жүйелерді дамытудың айтарлықтай динамикасын белгілей отырып, Тараптардың өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға деген өзара ұмтылысын негізге ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасы мен халықаралық міндеттемелерін сақтай отырып, өз құзыреті шегінде осы Меморандум негізінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Осы Меморандумды іске асыру мақсатында Тараптар мынадай бағыттар: Тараптар мемлекеттерінің заңнамасы, оны қолдану практикасы және дамудың негізгі тенденциялары туралы жалпыға қолжетімді ақпаратпен, құқық мәселелері бойынша заң әдебиеттерімен және жарияланымдарымен, сондай-ақ құқықтық салаға қатысты ақпаратпен алмасу; норма шығармашылығы қызметін, оның ішінде нормативтік құқықтық актілерге міндетті заң сараптамаларын және ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді, сондай-ақ құқық қолдануды жетілдіру; электрондық әділетті дамыту, оның ішінде әділет органдарын ақпараттандыру; кадрларды даярлау және оқыту; адвокат және нотариаттық қызмет, сондай-ақ заң қызметтерін көрсету жүйесін ұйымдастыру және дамыту саласында ақпаратпен және құқықтық реттеу тәжірибесімен алмасу; әділет органдарын ақпараттандыру саласында және олармен байланысты салаларда тәжірибе алмасу; шаруашылық жүргізуші субъектілерін тіркеу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|