Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының IХ қысқы Спартакиадасын өткізу туралы
Дене шынықтыру және спортты дамыту, білім алушы балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (С. Мұстафаев) Қазақстан Республикасының мектеп және колледж оқушыларының IХ қысқы Спартакиадасын (бұдан әрі - Спартакиада) Астана, Алматы, Көкшетау, Орал және Щучье қалаларында өткізсін. 2. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, Спартакиаданың ұйымдастыру комитетінің құрамы; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, Спартакиаданың бас төрешілер алқасының, мандаттық комиссиясының және апелляциялық қазылар алқасының құрамдары; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес, Спартакиаданың бағдарламасы бекітілсін. 3. Облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалардың білім басқармаларының басшылары (келісім бойынша): 1) қатысушылардың тұруы мен тамақтануына қажетті жағдайларды, тұратын және жарыс өтетін орындарда, сондай-ақ, жол жүру кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсін; 2) Спартакиаданы кеңінен жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді түрде пайдалансын. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Қаржы департаменті (Г. Шакаева) Спартакиаданы 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 103 «Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстарды, республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шараларды өткізу» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде қаржыландыруды қарастырсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|