| ||||||||||||||||||||
|
|
|
23.01.2025 Мемлекеттік тілдегі сот өндірісін жүргізу
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында «Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады» деп жазылса, 1989 жылы 11 қыркүйекте тұңғыш қабылданған «Тіл туралы» Заңда «Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі» деп тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішінде мемлекеттік тіліміз қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарында тұрғаны баршамызға аян. Десек те қазіргі қазақ тіліміздің ахуалы қандай дәрежеде? Бүгінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына айтылған өзекті мәселерді жүзеге асыру басты жолға қойылған. Ана тіліміздің қоғамдағы атқаратын қызметі соңғы кезде тұңғиықтан жарыққа, күн көзіне асыққан бұлақ суындай кеңейіп, барлық салада қолданылуда. Сот жүйесінде де тіл саясатының үрдісі қарқынды даму үстінде. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыру мақсатында елеулі қадамдар жасалуда. Тілді үйренуге ниет білдірген азаматтарға қажетті оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген қазақ тілін тегін оқыту курстары ашылып, барша жағдайлар жасалған. Мемлекет қайраткері, көрнекті ақын, Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» дегендей бүгінде құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі түбегейлі қалыптасқан. Оның сапасы да, мазмұны да басты назарда. Баспа беттеріне азаматтардың заң бойынша сот өндірісін жүргізу тілін таңдау өз еріктерінде екендігі жөнінде ұдайы жариялауда. Яғни, талап қоюшы, арызын өз ойын еркін жеткізе алатын ана тілінде беруге құқылы. Сондықтан «қаным қазақ» деп жүрегі соғатын әрбір азамат талап арызын ана тіліне жазса, нұр үстіне нұр болар еді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, мемлекеттік тілді дамыту барысында көздеген мақсаттың шыңына жету үшін бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет. Қазіргі жаһандану кезеңінде тілдің тағдырына, елдің болашағына әр азамат шынайы ықыласпен қарағаны абзал.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы А.Т. Абжанов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |