|
|
|
18.11.2024 Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру аса маңызды
Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияда жүзеге асырылады. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері біліктілігін арттырудан үш жылда бір реттен сиретпей өтеді. Біліктілікті арттыру мемлекеттік қызметшінің тиісті функционалдық міндеттеріне сәйкес бағыт бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік саяси қызметшілердің және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияның шетелдік оқытушылар шақыртылатын оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Біліктілікті арттырудың ұзақтығы, шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарындағы біліктілікті арттыруды қоспағанда, 8-ден 80-ге дейінгі академиялық сағаттан тұрады. Қайта даярлаудан өткен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыруға қайта даярлауды аяқтаған күннен бастап үш жылдан кешіктірмейжіберіледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған «Б» корпусының қызметшісі Академияда оқуды бітірген соң екі жылдан кейін, бірақ үш жылдан кешіктірмей, біліктілігін арттыруға жіберіледі. «Б» корпусы қызметшілерінің біліктілігін арттыру Академияның шетелдік оқытушылар шақыртылатын оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарында кәсіби сертификаттаудың болуы көзделетін «Б» корпусы қызметшілерінің біліктілігін арттыру тиісті бейіндегі мамандарды даярлауға маманданған ведомстволық және басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады. Біліктілікті арттыруды табысты аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге біліктілікті арттыруды аяқтағанын растайтын құжат беріледі. Біліктілікті арттыру курстарын аяқтағанын растайтын құжатта біліктілікті арттырудан өткен мемлекеттік қызметші туралы мәліметтер (тегі, аты, бар болса әкесінің аты), мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырған оқу орнының атауы, біліктілікті арттыру бағыты, академиялық сағаттардың саны және біліктілікті арттыру мерзімі, оқу орнының уәкілетті адамының лауазымы, тегі, аты, бар болса әкесінің аты,қолы, сертификаттың нөмірі, біліктілікті арттыру өткізілген қала және оқу орнының мөрі көрсетіледі. Халықаралық ұйымдардан немесе шет мемлекеттердің үкіметтерінен, оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хаб аясында қаражат және техникалық көмек не Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қаражат бөлінген жағдайларда, мемлекеттік орган функционалдық міндеттері біліктілікті арттыру тақырыбына сәйкес келетін мемлекеттік қызметшіні біліктілігін арттыруға жібереді. Бұл әрбір мемлекеттік органдарда білікті мамандардың санын арттырып, сол әкімшіліктің жұмысы сапалы жүруі үшін қажет. Сондықтан, мемлекеттің белсенді дамуы үшін мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру аса маңызды.
Қарағанды облысының МАЭС пристава А.Қ. Балпықов
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |