2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА (Мәскеу, 2022 жылғы 31 наурызда)
ҚР 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 56-VIII Заңымен ратификацияланды 2024 жылғы 12 ақпанда күшіне енді
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 115-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 25-баптың 1-тармағының 5-тармақшасындағы «санитариялық, ветеринариялық-санитариялық» деген сөздер «санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 29-бапта: 1-тармақта: 4-тармақшадағы «, мәдени құндылықтарды» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 41-тармақшамен толықтырылсын: «41) мәдени құндылықтарды қорғау;»; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Мүше мемлекет осы баптың 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша тауарлармен өзара саудада шектеулер енгізген және олардың күшін жойған кезде Комиссияны және басқа да мүше мемлекеттерді Комиссия бекітетін тәртіппен жазбаша нысанда хабардар етеді.»; 3) VI бөлім мынадай мазмұндағы 29¹-баппен толықтырылсын: «291-бап Одақтың кедендік шекарасындағы мемлекеттік бақылау (қадағалау) 1. Одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезде мүше мемлекеттердің мемлекеттік шекаралары арқылы өткізу пункттерінде және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын өзге де жерлерде адамдарға, тауарлар мен көлік құралдарына қатысты осы Шартқа, Одақ құқығына кіретін өзге де халықаралық шарттар мен актілерге және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бақылау (қадағалау) (кедендік, көліктік, санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық және мемлекеттік бақылаудың (қадағалаудың) өзге де түрлері) жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|