«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 97 бұйрығы (2023.16.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығымен бекітілген Ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеменің 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және даму департаменті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде: 1) оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды; 2) оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М.Е. Шорановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрінің 2023.16.01. № 38 бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № 97 бұйрығына қосымша
«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы нәтижелерінің көрсеткіштерін есептеу әдістемесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|