«Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Ақтөбе облысының елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 57 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе облысының елді жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларының 2-тармағының 6), 15), 18), 21), 25), 26) және 27) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 6) ағаштарды жасарту - қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу; 15) жеке тұрғын үй - үй маңындағы жер учаскесінде орналасқан және шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі, жеке (отбасында) тұруға арналған үй; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|