«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін жаңа редакцияда бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 25-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығының 79-тармағына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін. 2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 297 шешімімен бекітілген
«Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Темір аудандық мәслихатының оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ. 3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. «Темір аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар. 5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|