|
|
|
23.05.2022 БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Бүгін, 23 мамырда «Партиялық емес байқау орталығының» төрағасы Төлеген Күнәділов «Ауыл» ХДП хатшысы Анас Баққожаевпен кездесті. Кездесу барысында Төлеген Күнәділов қатысушыларды партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, орталық өкілдерінің референдум барысын байқауға қатысу жоспарлары туралы айтты. Саяси оқиғаның маңыздылығын айта келе, Төлеген Күнәділов байқаудың негізгі принциптеріне тоқталып, республикалық және өңірлік байқаушылар штабтарының ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті. «Біздің ең маңызды міндетіміз – референдум кезінде азаматтардың сөз бостандығының бұзылуына жол бермеу. Біз еліміздің барлық өңірлерінде байқаушылар пулын қалыптастыру жұмыстарын жүргіздік, оларға қазір оқыту өтіп жатыр. Байқаушыларды даярлау – біздің қызметіміздің маңызды кезеңі, өйткені қоғамдық байқаудың бүкіл процесінің тиімділігі соған байланысты», – деді Төлеген Күнәділов. Оның айтуынша, бүгінде байқаушылардың көпшілігі дайындықтан өткен. Өз кезегінде «Ауыл» партиясының хатшысы Анас Баққожаев «Партиялық емес байқау орталығының» бастамасын қолдайтынын жеткізді. «Қоғамдық байқаушылардың референдумға қатысуы азаматтардың таңдау бостандығына, конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Референдумның ашықтық, жариялылық және әділеттілік жағдайында өтуі үшін тәуелсіз байқаушылардың жұмысы өте маңызды», - деді Анас Баққожаев. Кездесу соңында тараптар алдағы референдумды құқықтық мемлекеттің демократиялық қағидаттарына сәйкес өткізудің маңыздылығын атап өтті.
ПРЕСС-РЕЛИЗ Сегодня, 23 мая Председатель Центра непартийного наблюдения Толеген Кунадилов встретился с секретарем Народно-демократической партии «Ауыл» Анасом Баккожаевым. В ходе встречи Толеген Кунадилов ознакомил участников с деятельностью Центра непартийного наблюдения и рассказал о планах участия представителей Центра в наблюдении за ходом референдума. Отметив значимость политического события, Толеген Кунадилов остановился на ключевых принципах наблюдения, а также проинформировал о текущей работе республиканского и региональных штабов наблюдателей. «Нашей важнейшей задачей является недопущение в ходе референдума нарушения свободы волеизъявления граждан. Нами проведена работа по формированию пула наблюдателей во всех регионах страны, которые сегодня проходят обучение. Обучение наблюдателей – это важный этап нашей деятельности, поскольку от этого зависит эффективность всего процесса общественного наблюдения», - отметил Толеген Кунадилов. По его словам, на сегодняшний день обучением охвачена большая часть наблюдателей. В свою очередь секретарь партии «Ауыл» Анас Баккожаев выразил поддержку инициативе Центра непартийного наблюдения. «Участие общественных наблюдателей в референдуме будет способствовать обеспечению конституционных прав граждан на свободу выбора. Работа независимых наблюдателей очень важна для того, чтобы референдум прошел в условиях открытости, прозрачности и справедливости», - подчеркнул Анас Баккожаев. В завершение встречи стороны отметили важность проведения предстоящего референдума в соответствии с демократическими принципами правового государства.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |