Білім беру қызметкерлерінің 2015 жылғы Республикалық тамыз педагогикалық кеңесін өткізу туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және Елбасының бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - Ұлттық жоспарында айқындалған міндеттерді іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. 2015 жылғы 24-25 тамызда «Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдер - табысты мектеп кепілі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесі (бұдан әрі - Республикалық кеңес) өткізілсін. 2. Қоса беріліп отырған білім беру қызметкерлерінің 2015 жылғы Республикалық тамыз педагогикалық кеңесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, бағынысты ұйымдары, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары (келісім бойынша) белгіленген мерзімде Іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Білім және ғылым министрлігінің м.а. 2015 жылғы 31 шілдедегі № 501 бұйрығымен бекітілді
«Жаңа білім беру бағдарламалары, инновациялар және құзыреттілік тәсілдер - табысты іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|