Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Ұлттық архив басқармасы арасындағы архив ісі саласындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (Баку қ., 2017 жылы 3 сәуірде)
2017 жылғы 12 шілдеде күшіне енді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Әзербайжан Республикасының Ұлттық архив басқармасы, бұдан әрі Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы бай тарихи-мәдени мұраға ие екендігін растай отырып, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы дәстүрлі достықты дамыту мен өзара тиімді ынтымақтастық олардың бір-біріндегі өзіндік ерекшеліктерді, тарихты, мәдениетті және қол жеткен табыстарды білу мен құрметтеу арқылы жүзеге асатынын, мемлекеттік Тараптардың архивтік материалдарын зерттеп қолдануға қажет екендігін ескеріп, Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы архивтік мекемелері арасындағы байланысты дамытуға ниеттене отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар ынтымақтастықты жалпыға бірдей халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне, архив ісі саласындағы өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес теңдік және түсіністік ұстанымы негізінде дамытады.
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес архив ісі мен құжаттама саласына байланысты ақпараттармен, заң актілерімен, нормативті құқықтық актілермен, архивтану, археография және құжаттану мәселелері бойынша әдебиеттермен, сондай-ақ екі жақ мүдделеріне сәйкес архивтік құжаттар жарияланымдарымен алмасады.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы зерттеушілеріне Тараптардың мемлекеттік архивтерінде сақтаудағы құжаттық мұраларды зерделеу ісінде көмек көрсетеді. Тараптардың әрқайсысы өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес архив қорлары мен ғылыми-анықтамалық аппаратқа, жарияланған және жарияланбаған анықтамалық материалдарға екінші Тараптың қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|