ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2016.27.01. № 39 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
7-қосымша
«Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2019.22.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
ҚР Әділет министрінің 2018.05.12. № 1576 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2019.12.04. № 191 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2019.22.07. № 393 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - ЖАО) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі - портал) www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.