(Бейресми аударма)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы туралы КЕЛІСІМ (Минск қ., 2017 жылғы 30 қарашада)
ҚР 2019 жылғы 5 наурыздағы № 234-VІ Заңымен ратификацияланды 2019 жылғы 1 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттер 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың, 2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жарғысының, 2016 жылғы 14 қазандағы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Шешімімен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған ұжымдық қауіпсіздікстратегиясының ережелерін, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Тараптардың мүддесінде ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша күш-жігерді біріктіруге бағытталған басқа да шешімдерін басшылыққа ала отырып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық және ұжымдық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпараттық кеңістіктегі қатерлердің өршуіне алаңдаушылық білдіре отырып, бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау мақсатында халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басым бағыттарының бірі болып табылады деп есептей отырып, ақпараттық инфрақұрылымды пайдаланып ыдыратушылық ақпараттық ықпал ету, ішкі істерге араласу үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін арандату қабылданбайды деп есептей отырып, ақпараттық технологиялар мен ресурстарды аса маңызды құрылымдардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіру мақсатында Тараптардың аумағындағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін пайдалануға кедергі жасауға ұмтыла отырып, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|