«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін. 2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» № 618/7 қаулысының күші жойылсын. 3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2022 жылғы 14 маусымдағы № 484/6 қаулысымен бекітілді
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласының аумағында ішкі саясат саласындағы (салаларындағы) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ. 3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|