Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы (2023.10.01. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Шымкент қаласының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес құрылсын. 2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күштері жойылды деп танылсын. 3. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте: 1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді; 4) осы шешімді ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловқа жүктелсін. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Елекеев «18» қазан 2018 жыл
Шымкент қаласы әкімінің 2020.07.02. № 1 шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 2 шешiмiмен (2023 ж. 10 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 9 шешіміне 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|