«Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19544 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын; 3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 29 қазандағы № 337 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 293 бұйрығымен бекітілген
Спорттың басым түрлерінің республикалық тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|