Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 100 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 216-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидасы бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 244 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 216-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін (бұдан әрі - ТБЖ) қолдану тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағиданың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) тәуекелдерді анықтау жөніндегі нысаналы әдістеме - математикалық-статистикалық әдістерді пайдаланумен және (немесе) сарапшылық әдістерді қолданумен ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|