Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 153 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № 219 бұйрығы «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерін медициналық мүлікпен қамтамасыз етудің бейбіт уақытқа арналған заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнында ресми жариялау және Қазақстан Республикасы эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 23 сәуірдегі № 153 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|