Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 21 ақпандағы № 2 Қаулысы (2022.05.03. берілген өзгерістермен)
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 3 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. С.Е. Слямгазина, мына құжаттарды: Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 12 қаңтардағы, 2022 жылғы 19 қаңтардағы; 2022 жылғы 24 қаңтардағы; 2022 жылғы 7 ақпандағы; 2022 жылғы 17 ақпандағы шешімдерін; Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 32; «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 (бұдан әрі - ҚР БМСД-нің № 38 қаулысы); «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 43; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 15 қарашадағы № 50; «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 3; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 4; «Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5; «Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 6; «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» 2022 жылғы 10 ақпандағы № 8; «Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 11 ақпандағы № 9; «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 18 ақпандағы № 11 қаулыларын; «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын (бұдан әрі - 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидалары); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын; Ауыр жіті респираторлық синдром - 2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - CОVІD-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 14,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,640 құрағанын анықтадым. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африкалық» В.1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В.1.617.1), «йота» («нью-йорктық»), «ета» («нигериялық»), «омикрон» (оңтүстік-африкалық В.1.1.529), «бақылаудағы нұсқалар» (В.1.640.1 және В.1.640.2) және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104-баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022.05.03. № 2-1 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2022 жылғы 8 наурыздан бастап 21 наурызға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін. 1.1 Қалалар мен аудандардың әкімдері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар, меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері: Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «жасыл» аймақ үшін қарастырылған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеуді және рұқсат беруді іске асыруды және бақылауды қамтамасыз етсін. 2. Қалалар мен аудандардың әкімдері: 1) облыс аумағының периметрі бойынша, сондай-ақ Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов қалаларының және аудандардың периметрі бойынша шектеу шараларының қолданылу шекараларын сақтасын; 2) Өскемен, Семей қалаларында қоғамдық тәртіпті қорғау мен бақылауды 402 шаршыда (Өскемен қаласы - 200, Семей қаласы - 202) 40 учаскелік полиция пунктіне (Өскемен қаласы - 23, Семей қаласы - 17) байланыстыра отырып, жүзеге асырсын; 3) 65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілердің жұмысын жалғастырсын; 4) кондоминиумдарды басқару органдарымен, пәтер иелері кооперативтерімен және көп пәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқа да ұйымдармен бірлесіп: - кестеге сәйкес кіреберістерде, лифтілерде, паркингтерде профилактикалық дезинфекциялау жүргізуді және ылғалды жинауды; 5) санитариялық-эпидемияға қарсы талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т.б. өткізуді қамтамасыз етсін; 6) сыртқы орта объектілеріне (адамдар көп жиналатын орындардағы ғимарат үй-жайларына, қоғамдық көліктерде, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда, жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінде) дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізе отырып, облыстың елді мекендерінің аумағында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастырсын; 7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп, диагностикалық, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша (ШҚО СЭБ департаментінің алдын ала келісімі бойынша) COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден: - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінен әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және запасқа шығарылатын әскери қызметшілердің әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында; - мерзімді әскери қызмет өткеру орнына әскери командаларды қабылдау және ілесіп жүру үшін тағайындалған офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің және белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілердің; - қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарына мәжбүрлі емдеуге түсетін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың; - эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша басқа да адамдардың өтуін қамтамасыз етсін. 3. Бородулиха, Зайсан, Шемонаиха, Үржар аудандарының әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары: Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарында келетін адамдарға қатысты шектеу шараларына» сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдарына «Ауыл», «Уба», «Бақты», «Майқапшағай» (Бородулиха, Зайсан, Шемонаиха, Үржар аудандары бойынша 1 бірліктен) өткізу пункттерінде 4 санитариялық бекеттің жұмыс істеуін қамтамасыз етсін. 4. Маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде халықтың көшелерде және скверлерде, саябақтарда, алаңдарда, жағалауларда, серуендеу аймақтарында жүріп-тұруларына рұқсат етілсін. 5. Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы типтегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық типтегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат етілсін. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі. Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (стационарлық (жартылай стационарлық) типтегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжат немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжаты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжаты бар болған кезде жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге қабылданады. Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы теріс нәтижесі бар құжатты немесе ревакцинация алғанын немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспайтын уақыт өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты немесе соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылғаны туралы құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі. 6. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті: 1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, базарларда, сауда объектілерінде, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тұрғысынан патрульдеуді күшейту және халыққа байланыссыз термометрия жүргізу; 2) учаскелік қызметтің жұмысын отбасылық, ұжымдық және өзге де бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) анықтауға бағыттай отырып, материалдарды ресімдеп, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органдарға ұсыну; 3) үй карантиніндегі адамдарды бақылау; 4) карантиндеу орындарын күзету; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен айқындалған шектеу режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдану; 6) мереке және демалыс күндері кезеңінде көңіл көтеру және корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша күшейтілген бақылау жасау жұмыстарын жалғастырсын және қамтамасыз етсін. 7. Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО білім басқармасы, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО полиция департаменті, ШҚО мемлекеттік кірістер департаменті: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына және «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес ұйымдарында COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралардың жүзеге асырылуын сондай-ақ білім беру ұйымдарында карантин енгізуге дифференцияланған тәсілді және осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жалпы білім беру мектептерінде оқыту режимін қамтамасыз етсін. 8. Қалалар мен аудандардың әкімдері, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы: 1) өңірдегі COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша эпидемиологиялық ахуалды және санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын ерекше бақылауда ұстасын; 2) вирустың репродуктивтік көрсеткіштерінің және халықтың COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылығының кез келген өзгерістеріне жедел әрекет етсін және шаралар қабылдасын; 3) денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының толық әзірлігін, барлық буындағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін, қатер топтарын қадағалауды қамтамасыз етсін; 4) үй карантині кезінде қашықтықтан бақылау үшін мобильдік қосымшаны және басқа да мобильдік қосымшаларды пайдалануды ұсынсын; 5) медициналық ұйымдарда санитариялық қағидалар мен бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер қаулыларының талаптарын мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етсін; 6) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы егу пункттерінің вакцинациялауға дайындығын қамтамасыз етсін; 7) халықты COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы иммундауды жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіруді және бағалауды қамтамасыз етсін; 8) «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияны жүргізу» жөніндегі уақытша әдістемелік ұсыныстардың және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламентінің орындалуын қамтамасыз етсін. 9. Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы және қалалар мен аудандардағы филиалдары (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, ШҚО полиция департаменті, қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары, «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері: 1) «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін; 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 18 ақпандағы № 10 қаулысымен бекітілген «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттары» талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін. 10. Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдері, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша): 1) InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды; 2) қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектінің кіреберісіне көрінетін жерге орналастыруды; 3) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды; 4) кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды; 5) кәсіпкерлік субъектісінің InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуін (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген алаңды ескере отырып айқындалады және енгізіледі); 6) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін. 11. Мониторингтік топтар жұмысы шеңберінде мыналарды қамтамасыз етсін: 11.1. Қалалар мен аудандардың әкімдері, Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдар, еріктілер: 1) мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін; 2) мониторингтік топтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу бөлігінде олардың қызметіне күшейтілген бақылау жасауды қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (2020 жылғы 14 желтоқсандағы, 2021 жылғы 1 шілдедегі, 2021 жылғы 7 қыркүйектегі ведомствоаралық комиссия хаттамаларымен енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылғаны анықталған кезде лауазымды адамдардың әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмінің» сақталуын қамтамасыз етсін; 4) халықтың елді мекендерде, ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте болған кезінде және жүріп-тұруы кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шектеу іс-шараларын, оның ішінде маскалық режимнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуына бақылауды күшейтсін; 5) мобильді мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды жүзеге асырсын; 6) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т.б) қамтамасыз етсін: - қызметін қайта бастаған немесе қызметін шектемеген субъектілердің профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету; 11.2. Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары: 1) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қалалардың/аудандардың ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп, мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т.б.) қамтамасыз етсін: - карантин нормалары және өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қабылданып жатқан шаралар туралы; - адамдардың сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайдағы іс-әрекеттер туралы және COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша олардың әлеуметтік жауапкершілігі туралы; - енгізілетін санитариялық талаптар, бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы; - адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу, қабылданған шаралар туралы; 2) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандырсын; 3) халықты және БАҚ-ын толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отырсын. 12. Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың вахталық әдіспен; технологиялық процестің үздіксіз циклімен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды орындауды және бақылауды: 1) ҚР БМСД-нің № 38 қаулысына сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындарға және өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге қойылатын талаптарды сақтауды; 2) Жұмыс берушінің қалауы бойынша ревакцинация немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан астам уақыт өткен, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған жұмыскерлер (соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда), сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар жұмыскерлер: - күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі; - COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық зерттеуді оны келесідей ұсынылған жиілікпен: ревакцинация немесе екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан астам уақыт өткен, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алмаған жұмыскерлер (соңғы 3 айдың ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда), сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар жұмыскерлер вахталық кент шегінен тыс жүйелі түрде шығатын вахталық жұмыскерлерге - 7 күнде 1 рет жиілікпен;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |