|
ҚР СТ 2394-2013
Ауадағы шаңды гравиметрлік анықтау әдістемесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Мемстандарт)
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе ішінара басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
Осы стандарт өндірістік үй-жайлардың ауасында, оның ішінде жұмыс аймағының ауасында гравиметрлік әдіспен көбіне фиброгенді әсерлі шаң аэрозолінің массалық шоғырлануын өлшеу әдістемесін белгілейді. Осы стандарт жұмыс аймағының ауасындағы марганец тұзы мен оксидтердің мөлшерін бақылауды жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау зертханаларында, өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитарлық зертханаларында, сондай-ақ ғылыми- зерттеу институттарында қолдану үшін арналған. Осы стандарт шаңның майда құрамын өлшеу әдістеріне таралмайды.
Осы стандартты пайдалану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжаттар қажет: Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II Қазақстан Республикасының Заңы. ҚР СТ 2.1-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Терминдер мен анықтамалар. ҚР СТ 2.4-2007 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі. ҚР СТ 2.18-2009 Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеулерді орындау әдістемесі. Әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, тіркеу және қолдану тәртібі. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілегіне қойылатын жалпы талаптар. ГОСТ 8.010-99 Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі. Өлшеулерді орындау әдістемесі. Негізгі ережелер. ГОСТ 12.1.005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық -гигиеналық талаптар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|