|
|
|
03.07.2021 Тіліміздің мәртебесін көтеру өз қолымызда
Өз тіліңді құрметте,- деп ақын ағамыз жырлағандай еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбіреді. Мемлекеттік тіл — Елбасымыз атап айтқандай, «барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы» екендігін әрқашан есте сақтауымыз керек. Қазіргі таңда қазақ тілінде жер бетінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Егер қазақ тілінің түркі тілдер тобына кіретінін, әлемдегі 30-ға жуық түркі тілдерінде 200 миллионға тарта адамның сөйлейтінін ескерсек, қазақ тілін ұғатын, түсінетін, оны ұлтаралық қатынас құралы ретінде пайдалана алатындар көп. Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын, дүниетанымдық ерекшелігін,ұлттық болмысын, рухани-мәдени байлығын,сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады. Тіл - өте күрделі құбылыс. Өз отанында, ата жұртында тұрған жергілікті қазақ халқының өмірінің өзегіне айналған бай тілінің әлеуметтік қызметі толық іске асырылмағаны сөз болып қана қоймай, республикада еңбек етіп, өмір сүріп жатқан 126 ұлт пен ұлыс өкілдерінің тілінің тағдыры да қаралған. Тіл - әрбір ұлт пен ұлыстың ең негізгі белгісі, ұлттық дүниелерді ұрпақтан-ұрпаққа тұнық қалпында сақтап жеткізетін мәдениетінің ең негізгі элементі, туы, ұраны, халықтың бар рухани қуатын бойына сіңірген қатынас құралы. 1995 ж. 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997ж 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы тілдердің Республикада қызмет етуінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттерін белгіледі, Республикада барлық тілдердің бірдей құрметпен қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 4-бабы). Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабының 2-тармағы). Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп тіл дамыту мәселесінің маңызын аша отырып, Үкіметке арнайы бағдарлама жасау жөнінде тапсырма берген болатын. Негізінен тіл саясаты үш негізге сүйеніп жүргізіледі. Ең бастысы - оның құқықтық негізін жасау, екіншісі - қоғамда тіл саясатын кеңінен насихаттау. Ал үшіншісі - үкімет тарапынан қаржылық қолдау. Еліміздің тіл саясатында осы үшеуі де ескерілген Бүгінгі таңда еліміз бойынша барлығы 351 тілдерді оқыту орталығы бар. Оның ішінде 91-і мемлекеттік, яғни республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылып құрылған орталықтар. Ал қалғаны жеке кәсіпкерлерлердің үлесінде. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді дамыту бойынша бір шама жұмыстар жүйелі түрде атқарылып жатыр. Мысалы, сот саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік тілді үйрету сабақтары тұрақты түрде ұйымдастырылып жүргізілуде. Осы сабақтардың нәтижесінде қазіргі уақытта қазақ тілінде біршама істер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдардың саны арта түсті. Мемлекеттік тілге деген талап күшейтілді. Кез келген тілдің болашағы - балалардың, жастардың қолында екені рас. Балалардың тілді білмеуі, ұмытуы - ұлтқа төнген қауіп. Сондықтан ең әуелі әрбір отбасы өз шаңырағындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Әр отбасында отбасылық тілді дамыту бағдарламасы жасалмаса, мемлекет тарапынан жасалатын барлық іс-шара өзін-өзі ақтамайды.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Ағыбаева Марияш
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |